Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Ресми сәлемдесу 2019

Құрметті көрмеге қатысушылар және қонақтар!

«ShymkentBuild 2019» құрылыс және ішкі көрініс 5-ші жыл сайынғы көрмесіне қатысушыларды және қонақтарды Шымкент қаласының Әкімдігі атынан жұмыстың басталуымен құттықтаймын.

Шымкент қаласы өнеркәсіптік өндірісте үлесі басым өндірістік-индустриалды ірі орталық болып табылады, 2018 жылдың жазында Шымкент қаласы ресми түрде республикалық маңызы бар қала болды. Мемлекетіміздің үшінші мегаполисінің дамуы құрылыс саласымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің деректері бойынша Шымкентте тұрғын үйді қолданысқа енгізудің елеулі қарқыны 9% артқаны анық болды. Өңірде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ сәтті жұмыс істейді, сонымен қатар Шымкент жаңа әкімшілік-тұрғын үй құрылысының масштабынан тұратын жыл Шымкенті қаланы дамыту Тұжырымдамасының шеңберінде «Shymkent City» жаңа жобасы жүзеге асырылуда.

Кез келген материалдық өндіріс саласы сияқты құрылыс саласы да үздіксіз жаңарту және жаңғыртуды қажет етеді, оның нәтижесінде құрылыс сапасы артады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қалыптасады. Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің біреуінде ShymkentBuild мамандандырылған көрмесін өткізу Оңтүстік Қазақстан өңірінің құрылыс саласына инвестицияларда жаңа перспективалардың ашылуын куәландырады. Сол сияқты көрме алаңында құрылыс индустриясының өкілдері тұтынушылық сұраныс деңгейі туралы, әлеуетті клиенттердің қажеттіліктері туралы ақпаратты ала алады. Сонымен қатар, ұқсас айқындамалар құрылыс индустриясының дүниежүзілік озық тәжірибесін көрсете алады. Құрылысшылар, инвесторлар, сатып алушылар, құрылыстық материалдарды өндірушілер, ТҮКШ саласындағы мамандар бұл жерде саланың жаңалықтарымен танысады, әр түрлі жобаларды жүзеге асыру барысын біледі, серіктестерін табады, өз бизнесін нарық үрдісімен дамытуу стратегиясын келіседі.

ShymkentBuild 2019 барлық қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс, байланыстарын кеңейтуді, жаңа жобалар және бизнесті дамытуда сәттіліктер тілеймін!

Б.Ж.Мамыталиев

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары


Құрметті көрмеге қатысушылар және қонақтар!

Мемлекетіміздің құқық бойынша кәсіпкерлік орталығы деп Шымкент қаласын айтуға болады. Мұнда кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнестің озық жобалары бар және еңбексүйгіш әрі пысық адамдар жұмыс істейді.

Біз, Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы ретінде «ShymkentBuild 2019» жыл сайынғы халықаралық көрменің қатысушылары мен келушілерін құттықтаймыз. Біздің қаламыздың алдында, соның ішінде құрылыс секторында да үлкен міндеттер тұр. Ол үшін адами капитал да, ресурстар, тәжірибе, өршіл міндеттер мен қиялдар да бар. Құрылыс секторы өңірдің экономикасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Жыл сайын мемлекетіміздің Кәсіпкерлік орталығының алаңында өз өнімдерін ұсынатын, заманауи технологияларды көрсететін озық компаниялар жиналады, бірлескен жобалар талқыланады, кәсіпқойлар жақсы тәжірибелерімен бөліседі.

Жылдар бойғы жұмыстың көрмесі іс-шараның маңыздылығының мәртебесін бірнеше рет растады. Оны асыра айтпай-ақ сала жағдайының индикаторы деп атауға болады, себебі біз жыл сайын бұл жерде өзіміздің кәсіби сәттіліктерімізді, жетістіктеріміз бен инновацияларымызды көрсетеміз, бар және жаңа іскерлік байланыстарымызды нығайтамыз, құрылысшыларға өте күрделі тапсырмаларды шешу керек болғанда салалық көрмені жасампаз энергияның генераторы деп те атауға болады. Ендеше 2019 жылғы ShymkentBuild көрмесі құрылыс кешенінің барлық құрамдастарының ең перспективті бағыттарын анықтасын.

Қазақстанның көптеген өңірлері үшін аталған көрмеге қатысу өз шамасын ашуға, бәсекелестік артықшылықтарды нығайтуға, ұзақ мерзімді және сенімді серіктестік қатынастардың негізін салуға шынайы мүмкіндік болатынына сенемін. Форумда көптеген құрылыстық және девелоперлік компаниялар жүзеген асырылған жобалармен бірге, біздің қалалар мен ауылдарды аса заманауи және жайлы қылуға шақыратын жаңашыл тәжірибелік шешімдерді көрсетеді.

Біз де осы ShymkentBuild 2019 көрмесінде біздің компаниялардың көбі шарт жасауларына мүдделіміз.

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатысының командасы көрменің ұйымдастырушыларына, қатысушыларына және қонақтарына нәтижелі қызықты және шығармашылықты жұмыс, көздеген жоспарларды сәтті жүзеге асыруды, серіктестік байланыстарды нығайтуды тілейді!!!

Тек қана алға!

А.Абубакиров

Шымкент қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры


Құрметті көрмеге қатысушылар және қонақтар!

«ShymkentBuild 2019» Оңтүстік-Қазақстанның құрылыс және ішкі көрінісі 5-ші жыл сайынғы көрмесіне қатысушыларды және қонақтарды «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ атынан құттықтап отырғаныма қуаныштымын.

Көрменің үлкен маңыздылығы 2018 жылы Шымкент қаласы ресми түрде республикалық маңызы бар қала болу фактісі. Мемлекетіміздің үшінші мегаполисінің дамуы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласымен тығыз байланысты.

Бүгінгі таңда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Елбасы бизнес-процесстердің айқындылығын арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін саланы реформалау маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Сол үшін мемлекет үлкен жұмыс жүргізу үстінде – заңнамалар жетілдірілуде, жаңа технологиялар енгізілуде, саланың цифрлық трансформациясы басталды. Барлық осы шаралар дамудың жаңа сапалы деңгейіне ауысуды және Қазақстандағы ТҮКШ барлық салаларында қызметтерді белсендіруге мүмкіндік береді.

Бүгін сіздердің барлықтарыңызда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы соңғы жетістіктермен оларды кейін кең тәжірибеде енгізу үшін танысу мүмкіндіктеріңіз бар. Аталған көрме қатысушылар мен келушілер үшін жақсы диалогтік алаң болатынына, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және сіздердің компанияларыңыздың және салаларыңыздың жалпыТҮКШ дамыту үшін көптеген пайдалы дүниелер табатындарыңызға сенеміз.

Көрме қатысушыларына қызықты және нәтижелі жұмыс тілеймін!

Н. Джиенбаев
«Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы»
АҚ Басқармасының Төрағасы


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Ресей Федерациясының Қазақстандағы Сауда өкілдігінің атынан «Shymkent Build 2019» 5-ші Оңтүстік Қазақстанның құрылыстық және ішкі көрініс көрмесінің қатысушыларын, ұйымдастырушыларын және қонақтарын құттықтаймын.

Бүгінгі таңда құрылыстық индустрия жылдам қарқындылықпен дамуда және аталған көрмені жүргізу біздің мемлекеттеріміздің құрылыстық қоғамының көптен күткен оқиғасы болып табылады. Тұрғын үй және тұрғын үйлердің әлеуметтік-маңызды нысандарын тұрғызу біздің мемлекеттеріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына маңызды әсер етеді және жаңа жұмыс орындарының саны артуына, азаматтардың әл-ауқатының артуына ықпал етеді.

Бүгінгі қарапайым емес шарттардағы көрме ерекше маңыздылық пен мағыналылыққа ие болады, ресейлік және шетелдік компаниялардың назарын аудартады, заманауи жетістіктерді көрсетуге және озық халықаралық тәжірибемен айналысуға мүмкіндік береді. Бұл біздің мемлекеттеріміздің ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін берік байланыстарды орнатуға мүмкіндік беретін конструктивті кездесулердің орны.

Көрменің барлық қатысушыларына, ұйымдастырушыларына және қонақтарына жемісті жұмыс, тиімді өзара әрекеттестік, тұрақты серіктестік байланыстар, табыс және көздеген мақсаттарға жетуге сәттіліктер тілеймін!

А.Яковлев
Ресей Федерациясының
Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігі


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«ITECA» ЖШС қазақстандық көрме компаниясы мен оның Орталық Азия мен Кавказдағы әріптесі ITE Group Plc халықаралық көрме компаниясы атынан ShymkentBuild 2019 - 5-ші Оңтүстік Қазақстанның құрылыс және интерьер көрмесінің және Оңтүстік Қазақстанның «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау» - Powerexpo Shymkent 2019 көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын қошаметпен шақырамыз.

Өңірді дамытумен, жаңа объектілерді салумен және қолданыстағы объектілерді жаңғыртумен байланысты жергілікті нарықта шаруашылық жүргізу объектілерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелерін шешу қажеттілігі туындайды. Осыған байланысты ShymkentBuild көрмесімен қатар Powerexpo Shymkent көрмесі алғаш рет өтеді.

Биылғы жылы көрме алаңы құрылыс және әрлеу материалдарын, темір-бетон конструкцияларын, құрылыс техникасын, электротехникалық жабдықтарды, сондай-ақ жылыту, желдету және сумен жабдықтау жүйелеріне арналған жабдықтарды отандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілерді жинайды.

ShymkentBuild көрмесі қатысушы компаниялар үшін - бұл өнеркәсіп, коммерциялық және тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ құрылыс маусымының басында инфрақұрылым объектілерін салудың жаңа өнімдері мен технологияларын көрсету мүмкіндігі. Сонымен қатар, көрме маркетингтік және имидждік міндеттерді және өткізу арналарын кеңейту мәселелерін шешу құралы болып табылады.

ShymkentBuild 2019 көрмесінің ерекше ерекшеліктерінің бірі, оның ұйымдастырушысы Шымкент қаласының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы болып табылатын «Құрылыс саласындағы баға белгілеу және стандарттау» тақырыбында конференция өткізу болып табылады.

Біз ShymkentBuild және Powerexpo Shymkent көрмелері Оңтүстік Қазақстан өңірінің іскерлік ахуалын жақсартуға мүмкіндік беретініне, өңіраралық байланыстарды нығайтуға, құрылыс және энергетика саласына озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге ықпал ететініне сенімдіміз.

Ұйымдастырушылардың атынан көрмелерге қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Шымкент қаласының әкімдігіне және Шымкент қаласының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, біздің оқиғаға қатысқан экспоненттерге алғыс білдіреміз.

Барлық қатысушыларға қызықты және кәсіби сұхбат, жақсы нәтижелер мен жаңа жобаларды іске асыруда табыстар тілейміз!

Кұрметпен
Ұйымдастыру комитеті