Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Shymkentbuild – Оңтүстік Аймағының Ең Көп Талап Етілген Және Келуші Тартқан Шаралардың Бірі

2020 жылдың көрме маусымының ашылуын дәстүрлі түрде Оңтүстік Қазақстандық ShymkentBuild 2020 құрылыс және интерьер көрмесі бастайды.

Биыл 6-шы рет өтетін аймақтық құрылыс экспозициясы 11 мен 13 наурыз арасында Шымкент қаласының Көрме Орталығы алаңына орналасады.

ShymkentBuild көрмесі Оңтүстік Қазақстан аймағының құрылыс және әрлеу материалдары, терезе технологиялары, керамика және тас, ЖЖК және ЖК салаларындағы басты және жалғыз кәсіпқой көрме атағына лайық. Өзінің 5 жылдық жұмысы барысында көрме Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Өзбекстаннан келген 4 500 бірегей келуші мен 200-ден астам құрылыс компаниясы үшін маңызды диалог алаңына айналды.

ShymkentBuild 2020 экспозициясы келесі техникалық бөлімдерді ұсынады: “Құрылыс материалдары және жабдық”, “Интерьер және әрлеу материалдары”, “Жылыту және сумен жабдықтау”, “Желдету және кондициялау”, “Терезе технологиялары”, “Керамика және тас”, “Жол құрылысы және арнайы техника” және экспозицияның мүлде жаңа бөлімі “Энергетика”. Бұл бөлімнің пайда болуына аймақтық құрылыс серпілісінің үдемелі кезеңінде салынып жатқан және пайдалануға берілген ғимараттардың энергия үнемдегіш және энергиялық тиімділік мәселелерін шешудегі өткір қажеттілігінен туындап отыр.

2019 жылы бүкіл ел бойынша тұрғын үй құрылысы көлемінде қырқынды өсім байқалды. Шымкент 2018 жылдан бері еліміздің үшінші мегаполисі болып табылады, оның аймағы және тұрғындары үнемі өсіп келеді, бұл құрылыс саласының өсім қарқынымен тығыз байланысты.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтері бойынша 2019 жылы Шымкент қаласында мемлекеттік бюджет есебінен 40,1 млрд теңге сомасында 114 объекттің құрылысы жүріп жатыр. 2019 жылдың қаңтар-қараша мерзімінде, 2018 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда құрылыс өсімі 29,3% құраған.

Қазір қала және аймақтың дамуы бойынша бір қатар перспективалық жобалар жүзеге асырылып жатыр, олардың ішінде облыстық сот ғимараты, жатақханалар, колледждер, бала бақшалар және мектептер, жаңа әуежай терминалы, темір жол вокзалының жаңғыртылуы және басқа да қалалық объекттердің құрылысы бар. Бұлардан басқа 2020 жылы Шымкент және Сарыағашты айналып өтетін көлік жолдарының құрылысын бастау және Сарыағаштан Өзбекстан Республикасының шекарасына дейінгі жолдың қайтадан салынуы жоспарланған. Қала, 17 км қашықтықта орналасқан ауқымды “Диснейленд” және аквапарк жобаларын жүзеге асыруға кірісуді жоспарлап отыр. Ал “Шымкент сити” өршіл жобасын жүзеге асыру болса, көп қабатты 324 тұрғын үйді және 33 әкімшілік, мәдениет және әлеуметтік-тұрмыстық объекттерін пайдалануға беру мүмкіндігін береді.

Оңтүстік-Қазақстан аймағында ірі өнеркәсіптік, инновациялық, туристік, сауда және логистикалық орталығын қалыптастыру бойынша мақсаттарды жүзеге асыру ірі инвестициялық салымдарды талап етеді. 2019 жылдың қаңтар-шілде айлары бойынша Шымкент қаласының негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 103,5 млрд. теңгені құраған. 2019 жылдың алғашы бес айында Түркістан облысының дамуына салынған инвестиция көлемі 60 млрд. теңгені құрады.

Көрме келушілерге құрылыс және энергетика саласындағы соңғы әзірлемелер мен жаңалықтар туралы пайдалы ақпарат алуға, тәжірибе алмасуды қамтамасыз ете отырып, мамандар арасында іскерлік байланыс орнатуға, сонымен қатар келісімдер жасауға және өзара әрекеттің жаңа пішінін табуға мүмкіндік береді.

ShymkentBuild көрмесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің, Шымкент қаласы “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтеді.

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық көрме компаниясы Iteca.

2019 жылғы көрменің қорытындысымен, қатысушылардың алдын ала тізімімен және басқа да пайдалы ақпаратпен көрменің ресми сайты www.shymkentbuild.kz арқылы таныса аласыздар.

  • -де жасалған