Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

Оңтүстік Қазақстанда ІІ халықаралық құрылыс көрмесі өтеді

Шымкенттегі «Көрме» орталығында 16-18 наурыз аралығында сағат 11:00-де «ShymkentBuild 2016» екінші оңтүстікқазақстандық халықаралық құрылыс көрмесі өтеді. Көрмеге бүгінде нарықта қажетті саналатын тауарларды ұсынатын 40-қа жуық құрылыс компаниясы қатысады, деп хабарлайды BNews.kz.

Нақтырақ айтсақ, қатысушылар құрылысқа қажетті сәнді, заманауи құрылыс материалдарын ұсынады. Айта кетерлігі, көрмеге бетон өндірісі үшін жабдықтар ұсынатын «Камск бетон зауыттары» алғаш рет қатысып, Ariston Thermo S.P.A компаниясының су жылытқыштары мен газ қазандықтары, «Fleet & Equipment Solutions» компаниясының жоғары технологиялы жол және құрылыс жабдықтары қойылады.

Мұнан бөлек, екі күндік шараға қатысушылар түрлі шетелдік танымал компаниялардың өнімдеріне баға беріп, оны пайдаланып көруіне мүмкіндігі болады. Көрме туралы толыққанды ақпаратты www.shymkentbuild.kz сайтынан алуға болады.

BNews.kz

 

  • -де жасалған