Оңтүстік Қазақстан Халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі

ShymkentBuild 2018 бизнес-серіктестікті кеңейту мүмкіндігін береді

2018 жылдың 13-15 наурызы аралығында «Көрме» көрме орталығында (Шымкент қ-сы) Оңтүстік Қазақстан құрылыс индустриясы басты шараларының бірі – жыл сайынғы ShymkentBuild 2018 көрмесі өтеді.

Көрмеге нарықтың өзекті ұсыныстарын, құрылысқа, жөндеуге және әрлеуге арналған заманауи материалдар мен жабдықтарды көрсетуге дайын Қазақстан, Өзбекстан және Ресей өндірушілері мен жабдықтаушылары қатысады.
Шара ұйымдастырушысы – ҚР инвестициялар және даму Министрлігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімдігінің, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер Палатасының, ТКЖ КазОрталығының, ҚР және ОА Құрылысшылар Одағының, Қазақстандағы РФ сауда өкілдігінің қолдауымен қазақстандық Iteca көрме компаниясы болып табылады.

13 наурыз күні сағат 10.00-де «Көрме» атты көрме орталығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы, Одақтар мен Қауымдастықтар өкілдерінің қатысуымен ShymkentBuild 2018 көрмесінің ресми ашылуы өтеді.

ShymkentBuild 2018 қатысушылары:
• 59% - Алматы қаласының қатысушы-компаниялары;
• 47% - қазақстандық өндірушілер;
• 17% - жақын шетел өкілдері.

Ұсынылған өнім түрлері:

Полиуретан мен пенополистиролдан өндірілген қасбеттік зер, су эмульсиясы, әліпмай, құрылыс ағашы, гипс-қатырма, құрғақ құрылыс қоспалары, цемент, аквапанельдер, акустика, қалып жүйелері, жаппа және қабырға сэндвич-панельдері, сантехника және санфаянс, полипропиленнен, полиэтиленнен және ПВХ-дан өндірілген құбырлар және құбырларды біріктіргіш бөлшектер, қазандық жабдығы, жылумен, сумен қамтамасыз ету жүйелері және кәріз жүйесі, т.б.

ADK Index, Borusan Makina Kazakhstan, Dala-Construction, JUNG, Master Bulding Products, STALFORM, Steel Орталығы, VEM / «Медведь» Концерні, Алмалыкский тау-кен-металлургия комбинаты, Держава Люкс, Кнауф Гипс Капчагай, Bakarassov Концерні, Полимерметалл-Т, Риказ, Спира-Берга, Тараз Автолюкс, Шымкент Цемент және тағы басқалары өздерінің қатысуын растады.

ShymkentBuild 2018 құрылыстың келесі тарауларын қамтиды:
• Құрылыс материалдары және жабдықтары;
• Әрлеу материалдары;
• Жылумен және сумен қамтамасыз ету;
• Желдету;
• Лактық-сырлық өнім;
• Құбырлар және құбыржол арматурасы;
• Жол құрылысы және арнаулы техника.

ОҚО Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ұйымдастыратын «Құрылыс саласына жаңа технологияларды енгізу» конференциясының өткізілуі ShymkentBuild 2018 көрмесінің айқын сипаттарының бірі болып табылады.
Конференция 13 наурыз күні сағат 11.30-да «Көрме» атты көрме орталығында өз жұмысын бастайды.

Спикерлер ретінде шақырылғандар: ОҚО кәсіпкерлер Палатасының Директоры Абубакиров Асқар Бегдәулетұлы; құрылыс материалдарын өндіру және ТКЖ, құрылыс комитетінің төрағасы Оразбаев Рахманали Дуйсебекович; KARLSKRONA LC AB директорының орынбасары Усенбаев Алымжан Мирович.

«Мемлекеттер арасындағы жаһандану және өзара байланысты экономикалық қарым-қатынастар жағдайында таңдаулы отандық және шетел мамандармен тиімді тығыз ынтымақтастық стратегиясы қажет. Сондықтан ShymkentBuild көрмесін өткізу тек қана қаланың емес, бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысының, шекаралық аймақтың, және жақын көрші елдер – Өзбекстан мен Қырғызстанның құрылыс секторындағы жыл сайынғы маңызды оқиға болып табылады. Көрме экспоненттерге көптеген бизнес-келушілерді өз өнімімен таныстыру, сол сияқты жаңа әлеуетті сатып алушыларды табу мүмкіндіктерін береді» - дейді көрме ұйымдастырушылары.

Шымкент қаласы шараны өткізу орны болып таңдалғаны кездейсоқ емес екенін айту қажет, себебі бұл қала жоғары бизнес-белсенділігі бар мемлекеттің үшінші мегаполисі десе болады. Бұл жерде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 4,8 млн. ш.м. құрылысы, жалпы көлемі 428 га «Shymkent City» жаңа ауданының құрылысы және т.б. республикалық көлемді өршіл жоспарлары іске асырылуда.

ShymkentBuild 2018 – бизнес-келушілерге өз өнімін көрсетуге арналған аймақтық алаң, жаңа әлеуетті клиенттер мен жабдықтаушыларды табу және өткізу арнасын кеңейту мүмкіндігі.

Өткізілетін күні:
13 – 15 наурыз 2018 жыл

Өткізу орны:
Шымкент қ-сы, Нұрсәт м/а, Астана даңғылы 12, «Көрме» КО

Аккредиттеу сұрақтары бойынша:
PR-менеджер, Александра Умбеталиева
Тел.: +7 727 2583434
Ұялы тел.: +77081049884
E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Былтырғы жыл қорытындылары, қатысушылардың алдын ала жасалған тізімі және басқа да пайдалы ақпарат шараның www.shymkentbuild.kz ресми сайтында орналастырылған.

  • -де жасалған